Астананың ең қарт тұрғыны Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 тамыз, 2026
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астананың ең қарт тұрғыны Құрылтай сайлауында дауыс берді
Фото: instagram.com/alimzhanov__nurlan

Бүгін Астанадағы «Байқоңыр» ауданында тұратын елорданың ең қарт тұрғыны – 104 жастағы тыл ардагері Анна Дегтярева өз шаңырағында дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол ғибратты ғұмырында ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосты.

Қажырлы қызмет жолында еңбегі еленіп, бірқатар медальдармен және мемлекеттік марапаттармен наградталған.

«Бүгінде жасы 104-ке келсе де, Анна Дегтярева азаматтық белсенділігін танытып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Ардагерге зор денсаулық, амандық және жақындарының ортасында бақытты сәттер тілейміз!» - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада 87 жастағы тұрғын немересімен бірге сайлауға келді.