Астана қаласының 112 қызметіне Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт кабинасында әйел адамның қамалып қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабина есігін ашып, әйел адамды қауіпсіз түрде эвакуациялады.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Бұған дейін құтқарушылар қар құрсауында қалған жағдайда жасалуы қажет іс-әрекеттер нұсқаулығын ұсынған болатын.