Кәсіпкер таңбаланбаған темекі өнімдерін сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

5 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Кәсіпкер таңбаланбаған темекі өнімдерін сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: Magnific.соm

Рудный қаласындағы кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап. 

Сот анықтағандай, Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізген тексеру барысында Рудный қаласында орналасқан «И» дүкенінен сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркалары жоқ жалпы құны 421 000 теңге болатын 990 қорап темекі өнімдерін сақтау фактісі анықталған.
 
Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 454 125 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың заты – 990 қорап темекі өнімдері тәркіленіп, кейіннен жойылатын болды.
 
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жалған Coca-Cola өнімдерін сатқандар жауапқа тартылғаны туралы жаздық.