Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды

Бүгін, 18:51
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды.

​

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан елордаға дейін Оман Сұлтаны мінген бортпен қапталдаса ұшты.

Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.

​

​

Еске салсақ, Президент Қорғаныс министрлігінде анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.