Астанада Жеңіс күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді
Елордада Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттер, спектакльдер, көше акциялары, көрмелер және патриоттық бастамалар өтеді. Бұл мерекелік іс-шаралар қаланың әртүрлі аумағында өтіп, мәдени, әлеуметтік және білім беру бағыттарын қамтидыдеп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
8 мамыр күні сағат 11:00-де Нұрлы жол теміржол вокзалында 9 мамырға арналған тақырыптық көрме ашылады. Елорданың мемлекеттік архиві «Ерлік дастаны» тарихи-құжаттық көрмесін және тыл еңбеккерлеріне арналған материалдар экспозициясын ұсынады.
Бұл күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «Ерлік дастаны» мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ, сағат 19:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермендерге «Әлия» спектаклін ұсынады.
9 мамырда сағат 12:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры алдында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сондай-ақ, дәл осы уақытта Қалалық алаң аумағында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған концерт өтеді.
Кешкі сағат 18:00-де театр сахнасында «Ар адамы – Бауыржан» қойылымы көрсетіледі. Сонымен қатар, Музыкалық жас көрермен театры сахнасында «Мәншүк» спектаклі қойылады.
Осы күні сағат 18:00-де Амфитеатр аумағында мерекелік концерт өтеді. Ал Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театры сахнасында «Жеңіс күні» симфониялық оркестр концерті ұйымдастырылады.
«Сонымен қатар Жеңіс күніне орай елорда ардагерлеріне дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді. Төлемдер Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагеріне 5 млн теңге көлемінде төлем жасалды», деп хабарлады Астана әкімдігі.
Еске салсақ, елордада соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден әлеуметтік төлем берілгенін жаздық.