Референдум-2026

Астанада С. Мұқанов көшесі ішінара жабылады

3 шілде, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада С. Мұқанов көшесі ішінара жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада С.Мұқанов көшесінің Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 4-5 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру қажет екенін хабарлады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Еске салсақ, елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады.