Референдум-2026

Астанада Қ.Аманжолов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін, 15:56
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Қ.Аманжолов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Қ.Аманжолов көшесінде кабельдік кәріз желісін салу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 9-15 шілде аралығында Қ.Аманжолов көшесі бойымен Райымбек батыр көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесі бағытына, сондай-ақ Ш.Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесі бағытына автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін болатын өзгерістерді ескерулерін сұраймыз», - делінген хабарламада.