Бүгін әлеуметтік желілерде елордадағы мектептердің бірінің маңындағы қараусыз ғимараттан 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама тарады. Астана қалалық ПД бұл ақпаратты растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қыздың денесі Астанадағы №5 гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттан табылған.
«10 қыркүйек күні қыздың мәйіті табылғаны туралы кезекші бөлімге хабарлама түсті. Мәйітті қарау кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері байқалған жоқ, қазір өлімнің себебі анықталуда. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деп көрсетті Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.