Астанада Кенесары және Ә.Сембинов көшесінің қиылысы уақытша жабылады

5 маусым, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Кенесары және Ә.Сембинов көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Кенесары көшесі мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 6-7 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.