Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Бүгін, 09:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«11 наурызда ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері де қашықтан оқып жатыр.