08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

4-10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында ұлдар мен қыздар санаты бойынша Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Турнирге Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және өзге де Азияның 25 мемлекетінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 36 спортшыдан құралған құрама бақ сынауда. Бұл – чемпионатқа қатысып жатқан барлық елдер арасындағы ең ірі делегация.

Жарыс Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ережелеріне сәйкес өтеді. 17 мен 20 жас аралығындағы спортшылар жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша сынға түседі.

Көрермендер үшін кіру тегін.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗