Астанада әдеп нормасын бұзған туристік полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды
Астана қаласының Полиция департаменті туристік полицияның екі қызметкерінің ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», - делінген хабарламада.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.
Еске салсақ, Астанада отбасылық жанжалдардың алдын алуға бағытталған «Қамқорлық» жобасы іске қосылды.