06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтеді

|
Photo: фото: Терроризмге қарсы орталығы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтеді

|
Photo: фото: Терроризмге қарсы орталығы

Бүгін, 21 сәуірде Алматы халықаралық әуежайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығулар сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.

Негізгі мақсат-адамдар көп жиналатын объектілерде терроризм актісінің жолын кесу тетігін жетілдіру.

«Қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай -ақ ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек», - деп хабарлады штаб.

Ұйымдастырушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗