Header Banner

Айбек Сыдықов Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 18:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Айбек Сыдықов Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.

2007-2015 жылдары – «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.

2015-2016 жылдары – «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.

2016-2022 жылдары – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.

2022-2025 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.

2025 жылдың қаңтарынан бастап қазірге дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып қызмет атқарды.