Header Banner

Павлодардағы №3 ЖЭО аумағындағы өрт толық сөндірілді

Бүгін, 18:12
Думан Аманжол Думан Аманжол
Павлодардағы №3 ЖЭО аумағындағы өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖМ

Павлодар қаласындағы №3 жылу электр орталығының аумағында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде градирняның ағаш торламасының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, градирняда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Оқиға өндірістік процеске әсер еткен жоқ, кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.