Референдум-2026

Әділетті әрі заманауи мемлекет құру жолындағы жаңа кезеңнің бастауында тұрмыз - Ернұр Бурахан

Әділетті әрі заманауи мемлекет құру жолындағы жаңа кезеңнің бастауында тұрмыз - Ернұр Бурахан
Фото: Ернұр Бураханның жеке мұрағатынан

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан бүгін заңды күшіне енген Қазақстанның жаңа Констиуциясы жөнінде осылай пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бүгіннен бастап еліміздің жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Әділетті, жауапты әрі заманауи мемлекет құру жолындағы жаңа кезеңнің бастауында тұрмыз. Жаңа Конституция қоғамның бүгінгі сұранысына жауап беретін маңызды өзгерістерді қамтыды. Ең бастысы – адам құқығы мен бостандығын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың ел тағдырына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Мемлекет басшысы атап өткендей, заңның үстемдігі, жауапкершілік, әділдік пен ашықтық – мемлекет дамуының негізгі қағидаттары болып қала береді. Бұл қағидалар еліміздің тұрақты өсіп-өркендеуіне, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның жаңа даму бағытын орнықтыруға қызмет етеді.

Конституция – мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың өміріне тікелей әсер ететін негізгі құжат. Сондықтан оның ережелерін құрметтеу, заңды сақтау және ел болашағына ортақ жауапкершілікпен қарау – баршамыздың міндетіміз», деп жазды  Ернұр Бурахан желідегі жеке парақшасында.