200 млн теңге: Астана және Семей тұрғындарын алдаған ерлі-зайыпты ұсталды
30 наурыз, 2026
Фото: freepik.com
Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалалары тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Астанада 23 жастағы тұрғын алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен ұсталды.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Ресейден экстрадицияланған қазақстандық 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
30 сәуір, 2026
Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, мүлкін тартып алмақ болғандар ұсталды (ВИДЕО)
29 сәуір, 2026
RAKS Exchange криптосервисіндегі 3,2 млн цифрлық доллар тәркіленді
29 сәуір, 2026
Қызылордада сәбиді саудалауға қатысты схема әшкереленді