Референдум-2026

Жібек Құламбаева Испаниядағы W100 турнирінің чемпионы атанды

Бүгін, 18:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жібек Құламбаева Испаниядағы W100 турнирінің чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Маспаломас қаласында өткен W100 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандасымыз жұптық сында Чехия өкілі Анна Шишковамен бірге өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олар жарыстың екінші нөмірлі жұбы ретінде тіркелген болатын.

Финалда Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова Чехия өкілі Доминика Салкова мен Швеция спортшысы Лиза Заарға қарсы ойнады.

Шешуші кездесу екі сетке созылды. Нәтижесінде Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Еске салсақ, күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.