06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынады

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынады

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы облыс әкімдері орынбасарлары, білім басқармалары басшылары, орталық мемлекеттік органдардың және құрылыс операторы «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүруде. Оның аясында 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа форматтағы мектеп салу жоспарланған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру барысында білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған. Басты талаптардың бірі - қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын күшейту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету.

Кеңес қорытындысы бойынша министр нысандардың сапалы құрылысын және олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗