Жаңа Салық кодексі: декларациялауға қатысты өзгерістер түсіндірілді

Жаңа Салық кодексі: декларациялауға қатысты өзгерістер түсіндірілді
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстанда жаңа Салық кодексіндегі жалпыға бірдей декларациялауға қатысты өзгерістер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыту іс-шарасын Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты – жалпыға бірдей декларациялаудың міндеттерін түсіндіру, әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірістерін бақылау тетіктерін жетілдіру және көлеңкелі экономиканы азайту.

Онлайн форматта өткен семинарға еліміздің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәрістерді Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Мұрзағалиева мен аталған басқарманың бас сарапшысы Гүлден Хасенова жүргізді.

Мамандар декларациялау мәселелеріне тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар қорытындысы бойынша 176 қатысушыға біліктілікті арттыру туралы сертификат табысталды.

Бұған дейін елімізде салық есептілігін ұсынудың жаңа тәртібі қолданылатынын жазғанбыз.