«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына кімдер қатыса алады

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына кімдер қатыса алады
Фото: Pixabay.com

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге еңбек нарығына бейімделуге және алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Кімдер қатыса алады:
-Жұмыссыз түлектер (жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім).
-Оқуды аяқтағанына 3 жылдан аспағандар.
-35 жасқа дейінгі азаматтар.

Шарттары:
- Ұзақтығы – 12 айға дейін.
- Еңбекақы – бюджет есебінен (30 АЕК немесе 129 750 теңге).

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4,9 мың адам жастар тәжірибесіне жолданды. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша мансап орталықтарына хабарласыңыз.