Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды
29 қараша, 2025
ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 283-ракеткасы Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты.
Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.
Осылайша, З.Дияс 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, Зарина Дияс спорттық жолында Мельбурнде 2014, 2015, 2020 және 2021 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді