15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Заң және тәртіп»: Астанада мемлекеттік органдар «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

|
Photo: Астана әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Заң және тәртіп»: Астанада мемлекеттік органдар «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

|
Photo: Астана әкімдігі

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде қала прокуратурасы мен елорда әкімдігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Астанадағы Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық дәріхана» іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Акция барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға тұрғын үй, медицина, білім беру, кәсіпкерлік және басқа да бағыттар бойынша сұрақтарына жауап беріп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға мемлекеттік қолдау шаралары мен құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндірді.

«Мен қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлына дәріханадағы дәрі-дәрмектің бағасына қатысты мәселе бойынша жүгіндім. Дәріханалардағы баға айырмашылығы сезіледі. Бұл сұрақтарға қала басшысының орынбасары сала мамандары егжей-тегжейлі жауап беретінін айтты. Жалпы, мұндай іс-шара маған ұнады. Осындай көпшілік жүретін орындарда тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын басшылардың қабылдауына баруды күтіп жүрместен, жергілікті билік өкілдеріне тікелей қоя алады», - деді зейнеткер Шара Мұхамедшакирова.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаевтың айтуынша, бүгінде елордадағы үш ауысымды мектептердің мәселесі реттелген. Қазіргі таңда тұрғындардың көпшілігі балабақша мәселесі бойынша жүгініп жатыр.

«Президенттің бастамасымен іске асырылып жатқан «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі іс-шарада қалалық прокуратура мен департаменттердің, елорда әкімдігінің басқармалары мен құрылымдық бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандары тұрғындарға заңдар мен құқықтық нормаларды түсіндіріп, консультация беріп жатыр. Сауда және ойын-сауық орталығындағы кез келген азаматқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қоюына мүмкіндік бар», - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мирас Абдрахман.

Оның сөзінше, мұндай акциялар алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗