Үкімет ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосады
23 желтоқсан, 2025
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың ЖІӨ-дегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, оларды жаңғырту жұмыстарын, оның ішінде шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек екенін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өнеркәсіп министрлігіне келесі жылдың қаңтар айынан бастап өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуаттарды жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосуды тапсырамын.
Микро және шағын бизнес өкілдері қосымша кепілдіксіз 300 млн теңгеге дейін өз өндірістерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.
Өндірісті қайта жабдықтау кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды
1 тамыз, 2026
Қазақстанда білім, технология және жаһандық бәсекеге қабілеттілік басым бағыттар ретінде айқындалған
31 шілде, 2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
31 шілде, 2026
Үкімет гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті