Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізуге үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент Жарлығымен Түркістан қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Наградалар өңірдегі коммуналдық қызмет еңбеккерлері мен мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, сондай-ақ еріктілерге берілді.
Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы 2026 жыл 21 мамырдағы Қаулысына сәйкес:
Түркістан қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен: «Жасыл саябақтар» МКМ бағбаны, Түркістан облысының Бәйдібек ауданынан Әбішов Мұхтар Пірназарұлы, «Темірлан абаттандыру» КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Ордабасы ауданынан Күзембаева Әмина Байдүсенқызы, «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК «С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музей» филиалының экскурсия жүргізушісі Қонысов Ердос Ақболатұлы, «Леңгір тазалық» КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Төлеби ауданынан Матибаева Райхан Темірбайқызы, «Тұран су» МКК инженер-гидротехнигі, Түркістан қаласынан Орынбасар Парымбек Қаныбекұлы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен: «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Түркістан қалалық №1 кіші бекетінің меңгерушісі Әбдиев Тахир Батырбекұлы, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС жұмысшысы, Түркістан қаласынан Әбдіраев Мадияр Ізбасарұлы, «Жасыл қала» КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Кентау қаласынан Әдешов Сырым Серікбайұлы, «Әулие ата» ЖШС директоры, Түркістан облысынан Әлімбеков Руслан Мұратұлы, «Созақ сәулет» МКК трактор жүргізушісі, Түркістан облысының Созақ ауданынан Байнеев Бағдат Мұқашұлы, Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай қызмет» КММ көлік жүргізушісі, Түркістан облысынан Бекжанов Әлімбек Шамбилұлы, волонтер, Түркістан облысынан Бектаев Ернар Нұралыұлы, «Шардара ауданының шаруашылық қызметі» КММ жұмысшысы, Түркістан облысынан Бойбусинов Әлдибек Нұғмонұлы, «Отырар 2050» КММ көлік жүргізушісі, Түркістан облысының Отырар ауданынан Бөрібаев Бейділда Есімханұлы, «КДСМ» ЖШС директоры, Түркістан облысынан Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы, «Мырзакент-Қызмет» КММ аула тазалаушысы, Түркістан облысының Мақтаарал ауданынан Қабылова Салтанат Орынбасарқызы, «Жасыл Арыс» КММ бағбаны, Түркістан облысынан Қожамбердіұлы Ғабит, волонтер, Түркістан қаласынан Мақанбай Айда Орынбасарқызы, «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» ММ бас маманынан Мырзалиев Төлеби Әділжанұлы, Сарыағаш ауданы әкімдігінің «Сарыағаш қызмет» КММ жұмысшысы, Түркістан облысынан Мырзамұратов Нұрғали Алтайұлы, волонтер, Түркістан қаласынан Омаров Алишер Абдувахитович, Келес ауданы әкімдігінің «Келес қызмет» КММ жұмысшысы, Түркістан облысынан Тасқынбаев Әбиболла Мұсабекұлы марапатталды.
Жарлық Президент қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкіміне су үнемдеу технологиясын енгізуді жалғастыруды тапсырды.