Токио губернаторы Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

Бүгін, 09:27
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Токио губернаторы Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды
Фото: akorda.kz

Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді.