Тәуелсіздікпен бірге өстім, бірге қатайдым – Мәдина Әжікенова

16 желтоқсан, 2025
Бақытжан Отарбаева Бақытжан Отарбаева
Тәуелсіздікпен бірге өстім, бірге қатайдым – Мәдина Әжікенова
Фото: instagram.com/madina_azhikenova

Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын өзінің сүйікті ісімен айналысу мен ел дамуына өз үлесін қосудан көретінін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

"Мен - Тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақтың өкілімін. Егемен елмен қатар қалыптасып, өмірдің жауапкершілігін ерте сезіндім. Адам өзіне ұнайтын іспен айналысқанда ғана, шын мәнінде бақытты болады деп ойлаймын. Бүгінде кәсіпкер ретінде Тәуелсіздіктің мәнін өз ісіммен дәлелдеп, балабақша, тұрғын үй мәселелері бойынша нақты жобалар арқылы қоғамға пайда келтіруді мақсат етіп келемін. Тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау да мен үшін маңызды. Ең бастысы – тәуелсіз елде өсіп келе жатқан ұрпағымыз үшін бақытты күндер мен жарқын болашаққа жол ашатын жағдай жасау", - деді депутат.