Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды
30 қазан, 2024
фото: instagram.com/talgar.pk
Алматы облысы Талғар ауданында прокурор қызметіне Ерлан Тағаев тағайындалды. Ауданның жаңа прокурорын Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Қатаев Дамир Қатаев таныстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz Талғар ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.
Ерлан Алижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Қарағанды жэне Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады