Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болды
23 сәуір, 2025
Фото: depositphotos.com
Түркияда жергілікті уақыт бойынша 12:50-де Стамбұл маңында күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
TRT телеарнасының хабарлауынша, жер сілкінісі Мәрмәр теңізі аймағына түгел сезілген.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 6,2 болған.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Стамбұлдан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде орналасқан.
13:58-де Түркияда магнитудасы 4,1 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның да эпицентрі Стамбұлдан 44 шақырым оңтүстік-батыста болған.
Ұқсас жаңалықтар
26 сәуір, 2026
Қазақстан бітімгерлері Сирияда гуманитарлық акция өткізді
17 сәуір, 2026
Қазақстан спутниктен алынған деректерді экспортқа шығарып жатыр ма
15 сәуір, 2026
Ғарыш саласы еліміздің экономикасына қандай пайдасын тигізуі мүмкін
13 сәуір, 2026
Жаһандық мәселе: орбитадағы қалдықтарды кім тазалайды