06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы ел біріншілігінде чемпион атанды

|
Photo: Фото: Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы ел біріншілігінде чемпион атанды

|
Photo: Фото: Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Төрехан Сабырхан финалдағы қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты бокстан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Сабырхан финалда Маңғыстау облысының спортшысы Санатәлі Төлтаевпен кездесуі керек болған. Бірақ қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты Түркістан облысының боксшысы Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл чемпионат – Төрехан Сабырханның ересектер арасындағы алғашқы бәсекесі.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан биыл Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантояны жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді. Сондай-ақ ол турнирдің үздік боксшысы атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗