Шығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды
10 маусым, 2025
фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Вегетациялық кезеңге дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Атап айтқанда, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, Күршім учаскесінде 37,7 шақырым канал тазартылды. Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.
«Шығыс Қазақстан облысында биыл вегетация маусымы 10 күнге ерте басталды. Қазіргі уақытта облыста суару кезеңі белсенді фазасы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге шаруалармен суармалы су беру жөнінде 290 келісімшарт жасалды»,- деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Елімізде «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
31 шілде, 2026
Тамыз айында қайда баруға болады: елдегі ірі туристік іс-шаралардың тізімі
31 шілде, 2026
Антифрод-орталық екі жылда 117 млрд теңгенің ұрлануына жол бермеді
31 шілде, 2026
Қазақстанда туристік ақпарат орталықтарына бірыңғай қағидалар енгізілді