Header Banner

Сауда және интеграция министрі өз таңдауын жасады

Бүгін, 11:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Сауда және интеграция министрі өз таңдауын жасады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Бүгін, 29 қарашада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда мәслихат депутаттарының жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда тұрғындар өз округінен депутаттыққа үміткер кандидаттарға тікелей дауыс береді.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.