Сауда және интеграция министрлігі ет нарығындағы, соның ішінде сиыр етіне қатысты жағдайға байланысты жедел желі іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша жедел желі республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар мен бизнес өкілдері үшін қолжетімді.
Жедел желіге ет бағасының деңгейіне, сауда нүктелеріндегі сауда үстемесіне, сондай-ақ өнімді жеткізуге байланысты мәселелер бойынша жүгінуге болады.
«Бұл жедел желі халықпен, бизнеспен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыру және жергілікті жерлерден келіп түсетін сигналдарға уақтылы әрекет ету мақсатында құрылды», - делінген хабарламада.
Жедел желі нөмірлері:
Өңірлер бойынша жедел желілер:
Астана қаласы 8 (7172) 57-64-02
Алматы қаласы 8 (727) 392-21-54
Шымкент қаласы 8 (7252) 53-07-06
Абай облысы 8 (7222) 35-37-43
Ақмола облысы 8 (7162) 50-29-89
Ақтөбе облысы 8 (7132) 54-81-26
Алматы облысы 8 (7272) 72-50-083
Атырау облысы 8 (7122) 52-03-91
Батыс Қазақстан облысы 8 (7112) 50-00-44
Жамбыл облысы 8 (7262) 54-21-69
Жетісу облысы 8 (7282) 41-56-10
Қарағанды облысы 8 (7212) 21-42-08
Қостанай облысы 8 (7142) 53-46-80
Қызылорда облысы 8 (7242) 71-15-30
Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-14-34 8 (7292) 43-01-17
Павлодар облысы 8 (7182) 55-10-70 С
Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 46-81-33
Түркістан облысы: Абдусаттаров Нұрдаулет +7 707 111 6501; Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82
Ұлытау облысы 8 (7102) 76-30-10
Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 26-72-07