Референдум-2026

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың бапкерлеріне сыйақы төленді

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың бапкерлеріне сыйақы төленді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына 388 миллион теңгеден астам сыйақы төленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне және үздік алтылыққа енген спортшыларға ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.

Сыйақы Ербол Хамитов (пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы), Александр Герлиц (пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасы) және Владислав Кобальға (пара шаңғы эстафетасы), сондай-ақ спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да төленді.

Бұдан бөлек, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдік спортшыға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

Еске салсақ, Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.