Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты іске қосылды.
Ресми сайтқа quryltai.kz мекенжайы арқылы кіруге болады.
Сайтта:
Құрылтай мен оның депутаттарының қызметі туралы өзекті ақпарат;
заң жобаларының мәтіндері;
анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.
Сондай-ақ сайтта отырыстардың онлайн-трансляциялары, фото және бейнематериалдар қолжетімді болады.
Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Құрылтай мемлекет пен халықтың арасында дәнекер болып, ұлтты ортақ іске ұйыстыруы қажеттігін айтқан болатын.