Референдум-2026

Қосшы қаласы толықтай табиғи газға қосылды

Бүгін, 12:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қосшы қаласы толықтай табиғи газға қосылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Қосшы қаласының 5 жылдығына орай салынып жатқан газдандыру жобасы толық аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан тартылған желінің екінші және үшінші іске қосу кешендері ресми түрде іске қосылды. Осылайша, қаланың барлық шағынаудандары орталықтандырылған табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

«Жоба аясында 400 шақырымнан астам газ тарату желісі тартылды, 1 блокты және 43 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды, 112 мыңға жуық тұрғын экологиялық таза әрі қолайлы көгілдір отынмен қамтылды», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, қаланың мерейтойына орай «QazaqGaz Aimaq» компаниясымен бірлесіп, тұрғындарға газ есептеуіш құралдарын тегін беру туралы шешім қабылданған. 

Айта кетейік, инфрақұрылымдық жобаның бірінші кезеңі 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталған болатын.

Еске салсақ, Ақмола облысында қайта жаңартудан соң екі теміржол вокзалы ашылғанын жаздық.