Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров жаңа қызметке тағайындалды

17 қаңтар, 2026
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды