Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
26 қараша, 2025
adventtr/Getty Images
Сәрсенбі, 26 қарашада Жетісу облысында жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Сейсмологиялык зерттеу институтының» сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 26 қараша Астана уақыты бойынша 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 километр жерде орналасқан.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің сезілу күші Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балға жеткен.
«Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды