Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді

Бүгін, 11:36
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық Евгений Кошкин Хамарда өтіп жатқан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спортшы 500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Мәреге 34,56 секундта жетті. Нәтижесінде біздің конькимен жүгіруші алтыншы орынға ие болды.

Жеңіске Джордан Штольц (АҚШ) ие болды - 34,14. Екінші орынды Дамиан Журектің (Польша) еншіледі - 34,14. Ал жапондық Юта Хироис үшінші орынды жеңіп алды - 34,44.