Қазақстанда 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылды – министр

Бүгін, 11:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылды – министр
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев оқушылар мен студенттерді жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың саны 1,7 млн адамды құрайтынын атап өтті.

Министрліктің ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес бүгінгі күні 5,3 мың оқушы жұмыспен қамтылған.

«Олардың ең көбі сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтерін ұсыну, сондай-ақ тамақтану салаларында жұмыс істейді, яғни жасөспірімдер жиі алғашқы еңбек тәжірибесін алатын бағыттар. Мамандықтарға бөлсек, бұл – көгалдандыру жөніндегі жұмысшылар, курьерлер, даяшылар, сатушы-кеңесшілер, аспаздардың көмекшілері, аниматорлар және тағы да басқалар», - деді Асқарбек Ертаев.

Еске салсақ, балалардың жазғы демалысы кезінде жедел көмек пен кері байланыс тетіктері күшейтіледі.