Қазақстан парадзюдошылары Азия чемпионатында топ жарды
10 қараша, 2025
instagram.com/kaz_para_judo
7-9 қараша күндері аралығында Астана қаласында парадзюдодан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
9 мемлекеттің татами шеберлері қатысқан айтулы додада J1 және J2 санаттары бойынша 16 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Сары құрлық додасында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жекелей сайыстар бойынша жалпы есепте бірінші орынға жайғасты.
Ерлер және әйелдер құрамасы да командалық сайыста жеңімпаз атанды.
Ерлер құрамасы Моңғолия, Таиланд және Өзбекстан құрамаларын жеңіп алтыннан алқа тақты.

Ал әйелдер құрамасы жарыс жолында Таиланд пен Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді.
Айта кетейік, екі жылдан кейін елорда төрінде ұйымдастырылған сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы атынан 22 спортшы жүлдеге таласты.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды