Қазақстан еркін күрестен Арменияда сегіз медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан еркін күрестен Арменияда сегіз медаль жеңіп алды
Фото: uww.org

Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандастарымыз аталған бәсекеде сегіз медаль жеңіп алды.

Бірінші жарыс күнінде Асхаб Хаджиев 86 келіге дейінгі салмақтың финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Захид Валенсиямен (АҚШ) кездесіп, 12:11 есебімен басым түсті. Дәл осы салмақта Рүстем Мырзағалиев үшінші орынды иеленді.

65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль жеңіп алды. 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеді.

Екінші жарыс күнінде Мейрамбек Қартбай (61 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Ернұр Нұрғазы (70 келіге дейін), Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қоламен күптелді. 

Еске сала кетейік, теннисші Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.