Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды
6 қараша, 2024
фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
Кейін Президент «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
ҚР СІМ мен БҰҰ университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
19 желтоқсан, 2025
Президент: БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие
19 желтоқсан, 2025
Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді – Тоқаев
19 желтоқсан, 2025
Тоқаев орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды