Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
12 қазан, 2024
Фото: Akorda.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Испания Королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
17 қыркүйек, 2026
Президент Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
17 қыркүйек, 2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен форумда шекара қауіпсіздігі мәселесін көтерді