Президент Бельгия Королі мен Патшайымын Ақордада қарсы алды

Президент Бельгия Королі мен Патшайымын Ақордада қарсы алды
Фото: Ақорда

Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандардың құрметіне Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіреткен Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.