Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

10 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.