Парламент Астананың мәртебесі туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент Астананың мәртебесі туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжіліске сілтеме жасап. 

Парламент палаталарының заң жобасы жөніндегі бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нажметдинұлы және Нұрсұлтан Байтілесов, Сенаттан депутаттар Сүйіндік Алдашев, Евгений Больгерт, Талғат Жүнісов және Сағындық Лұқпанов кірді. Комиссия төрағасы болып Нұртай Сабильянов сайланды.

Сондай-ақ, бүгінгі бірлескен отырыста «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.