Референдум-2026

Өз сайлау учаскеңізді қалай оңай табуға болады

Бүгін, 12:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Өз сайлау учаскеңізді қалай оңай табуға болады
Коллаж: Elordainfo.kz

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.

https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
https://sailau.gov.kz/kk
https://sailau2026.gov.kz/kk

Сонымен қатар, өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.