Мейрамбек Бесбаев жақсы жаңалығымен бөлісті
13 ақпан, 2025
фото: instagram.com/m_besbaev
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің Instagram парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сахна жұлдызы тыңдарман қауымды ақын Ақберен Елгезекпен бірге түсірген фильмді тамашалауға шақырды.
«Ақын Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаев көкемнің «Бозторғай» әні елмен 36 жылдан кейін қайта қауышып отыр. Ақберен Елгезек досымның түсірген «Болмаған балалық шақ» фильмінің саундрегі ретінде ұсынып отырмыз. Кинофильм 27-ші ақпаннан бастап Қазақстанның бүкіл кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Баршаңызды осы бір ойлы, тәрбиелік мәні зор фильмді бала-шағаларыңызбен бірге барып көруге шақырамын, ағайын!»,- деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты