Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кәсіпорын травматология хирургиясында және остеосинтезге кеңінен қолданылатын дәке мен титан импланттарын шығаруға маманданған.
Президентке Шымкентте шығатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың түрлері көрсетілді.
Бүгінде шырайлы шаһар отандық фармацевтика саласының дамуында елеулі рөл атқарады.
Мұнда 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішіндегі ең ірісі – «Химфарм» зауыты.